«Мұғалім – барлық мамандықтың анасы»
«Мұғалім – барлық мамандықтың анасы». Балаға ақыл мен білім беретін ұлы тұлға. Глубокое ауданы, «Уварово орта мектебінде» ұстаздықтан бөлек, басқа қызметті қатар алып жүрген жан бар. Есімі-Роман Говтва. Ол мектепте еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор боп жұмыс істейді. Баланы білім нәрімен сусындатып, олардың қауіпсіздігін қадағалайтын ұстазбен тілшіміз тілдесіп қайтты. Роман Говтва маңдай тері, адал еңбегінің арқасында оқушылардың алдында да әріптестерінің арасында да абыройлы.